Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Бас прокурорын қабылдады. Ғизат Нұрдәулетов Президентке «Қасіретті қаңтар» оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстары туралы баяндады. Қазір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардың шағымдары бойынша 173 істі жүргізілуде. Мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс қаралуда. Сондай-ақ арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 179 істі тексеріп жатыр.