Ерлан Қошанов Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі болып сайланды. Оның кандидатурасын Вице-спикер ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, фракцияның сапалық құрамында да өзгерістер бар. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция төрағасының орынбасары және президиум мүшесі, ал Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция төралқасының мүшесі болды.
Берік Көшербай