Президент жемқорлықпен күрес күшейтілетінін айтқан. Мемлекеттің шетелге заңсыз шығарылған қаржысын елге қайтаруды да тапсырған. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлықпен күресуші мамандарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ал сарапшылар тапсырмадан бөлек, заң тұрғысында нақты бұйрық берілуі керек екенін айтады. Елдің ақшасын сыртқа тасығандарды ашық жазаға тартуды сұрады.
Дәулеткерей Рахметуллин, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасының орынбасары:
Қаңтар ереуілінің негізгі себебі – осы коррупция деп есептейміз. Шетелдегі ақшаны бері қарай қайыру сияқты жақсы мәселелер көтерілді. Президент жақсы айтты. Енді осыны ары қарай жетілдіру үшін Президенттің бұйрығы болуы керек. Егжей-тегжейлі.