Енді мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шығыстары бақылауға алынады. Парламентте заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізу туралы заң қарастырылып жатыр. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлім етті. Сондай-ақ құжатта сыбайлас жемқорлықты әшкере қылғандарды қорғау жүйесі енгізілмек.
Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарын баяндады. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар тартылмақ. Сондай-ақ әр мекемеде жауапты адамдар бекітілген. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған тәсілдерді қолдап, Агенттіктің осы бағыттағы үйлестіруші рөлін күшейтуді тапсырды. Және бұл жұмыс Президенттің ерекше бақылауында болатынын жеткізді.
Шерхан Жамбылұлы