Батыс Қазақстанда 700 мың теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 700 мың теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

16.02.2022

Оралда дәріханадағы заңсыз сауда дерегі анықталып, 700 мың теңгенің тауары тәркіленді. Тіпті арнайы операция кезінде бір азамат есірткіге елітетін дәріні 5 мың теңгеге еш қиындықсыз сатып алған. Қолында дәрігердің рұқсат қағазы болмаса да, сатушы оған сұрағанын оп-оңай бере салған. Тексеру кезінде, есірткіге тәуелді ететін, денсаулыққа қаупі зор препараттардың бірнеше түрі табылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.     

Хабарламаларға жазылу