Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына жүк жөнелтілді. Оны «Союз» ракетасымен «Прогресс-80» кемесі жеткізеді. Американың Ұлттық ғарыш агенттігі – НАСА-ның мәлімдеуінше, бұл миссия орбиталық бекетке үш тоннаға жуық азық-түлік, жанармай және «Экспедиция-66» экипажы үшін өзге де құрал-жабдықтар апарады. Болжамдарға қарағанда, «Прогресс» Халықаралық станциямен ақпанның 17-де түйісуі керек.
Арыстан Рысбек