Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шықты

16.02.2022

Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шықты. Дегенмен, елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақты емес. Өткен тәулікте қауіпті індетті 1508 адам жұқтырған. Бүгінде ел бойынша барлығы 45 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 191 пациент стационарда, 39 137 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 133 адамның жағдайы өте ауыр. 101 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Хабарламаларға жазылу