Соңғы екі аптада Шығыс Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары екі есеге артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы екі аптада Шығыс Еуропада коронавирус жұқтыру оқиғалары екі есеге артқан

16.02.2022

Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық директоры Ханс Клюге мәлімдеді. Оның дерегінше, ковидке шалдығу фактілері посткеңестік 6 елде көбейіп отыр. Олар – Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Ресей Федерациясы және Украина.

Клугенің мәлімдеуінше, пандемияның қайта өршуіне коронавирустың «омикрон» штамы себеп болған.


Хабарламаларға жазылу