Қазыбек Иса: Халықтың қалауы – жазықсыздарды босатып, кінәлілерді жазалау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазыбек Иса: Халықтың қалауы – жазықсыздарды босатып, кінәлілерді жазалау

16.02.2022

Мәжіліс депутаты қазір елді алаңдатқан негізгі үш мәселені атады. Қаралы қаңтарда қаза тапқан бейбіт ереуілшілердің есімдері түгел жариялануы тиіс деп отыр. Сонымен қатар жазықсыз жандарды оққа ұшырған полицей не әскери болса да жазадан құтылмауы керек. Халықтың тағы бір қалауы – жазықсыздарды босатып, кінәлілерді жазалау. Топалаңға қатысты ресми биліктің берген бағасына күмәнмен қарап, өз бетінше долбар жасап отырғандарға қатысты да депутат пікір білдірді.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Одан кейін интернеттің бетіндегі шабуыл одан кем болып жатқан жоқ. Олар кезінде өздері өлтірген құрбандарының өзін қайтадан пайдаланып, соларды билікке шабуыл жасап жатқандар бар. Бұл туралы Президентттің өзі де айтты. Идеологиялық диверсиялық шабуыл өте қатты қысым олар жасады. Толық анықталып, жауапқа тартылмай бұл жағдай ушыға береді.


Хабарламаларға жазылу