Ералы Тоғжанов: Біз әр баланың өміріне жауаптымыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов: Біз әр баланың өміріне жауаптымыз

16.02.2022

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Екібастұз қаласына барды. Вице-премьер қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысының орынбасары тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелгенін бақылай алатын балалар қозғалысының электронды картасын енгізуді тапсырды. Жиында ұзақ уақыт бойы қоғамнан оқшауланған 4 баланың жағдайы бөлек талқыланды. Қазір оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Жұмыс сапары аясында вице-премьер бірқатар білім мекемелері мен өңіраралық кәсіптік орталықта болды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне 1 ай ішінде әлеуметтік-медициналық көмекке мұқтаж отбасыларды анықтауды тапсырамын. Қиын жағдайға тап болған отбасыларды жұмыспен қамтуға басымдық беру қажет. Бұл бағыттағы жұмыстардлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдерге тапсырамын.


Хабарламаларға жазылу