Елордада деструктивті діни ағым тобының мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада деструктивті діни ағым тобының мүшелері ұсталды

17.02.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елордада деструктивті діни ағымның өкілдерін ұстады. Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деген күдікке ілінген. Ұсталғандардың екеуі жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін бұрын сотталған. Тінту кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен заттай айғақтар алынды. Тергеу жалғасуда.

Б.Көшербай


Хабарламаларға жазылу