Түркістан облысында діни алауыздықты насихаттаған тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында діни алауыздықты насихаттаған тұрғын ұсталды

17.02.2022

Түркістан облысында экстремистік материалдарды әлеуметтік желілерге жариялаған күдікті ұсталды. Ол «Вконтакте» және «Телеграмдағы» парақшаларында діни алауыздық белгілері бар экстремистік бейнероликтер мен мәтіндік хабарламалар салып отырған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті тұрғылықты жерінде қолға түсті. Ол Созақ ауданының тұрғыны әрі деструктивті-діни ағымның жақтаушысы болып шықты. Ал үйін тінту кезінде ұялы телефондар мен ноутбук және тыйым салынған діни әдебиеттер табылды. Күдікті қамауға алынды.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу