Италияда 50-ден асқан тұрғындар сертификатсыз жұмысқа кіргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда 50-ден асқан тұрғындар сертификатсыз жұмысқа кіргізілмейді

17.02.2022

 «Жасыл төлқұжат» екпенің екі дозасын салдырғандар мен індеттен жазылғандарға ғана беріледі. Санитарлық рұқсатнамасы жоқтар жалақыдан қағылады және екпе салдырудан бас тартқаны үшін 600 еуродан 1500 еуроға дейін айыппұл төлейді. Италия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жасы елуден асқан 28 млндай адамның 3 млнға жуығы әлі күнге екпе салдырмаған. Шектеуді күшейтудегі мақсат азаматтарды екпе алуға мәжбүрлеп, ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Мұнда халықтың 90 пайызы толықтай вакцина алған.


Хабарламаларға жазылу