Еуразия Ұлтық университетінің «Алаш» ғылыми-зерттеу институты «Алаш» тақырыбы бойынша жарық көрген 8 кітаптың тұсаукесерін өткізді. Әрбір кітап 3 мың данамен басылып шыққан. Жинақтар еліміздің барлық кітапханаларына таратылады. Мәліметтер ТМД елдері кітапханалары мен мұрағаттарынан алынған. Оқулықтардың бірсыпырасы зерттеу еңбектер, енді бір бөлігі аудармалар.
Сұлтанхан Аққұлұлы, «Алаш» ҒЗИ директоры:
Бұл мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітаптар яғни барлық қауымның қолы жетеді. Бұл кітаптар негізі тарих-әдебиет сүюші қауымға, ғалымдарға, студенттер мен магистр, докторанттарға арналған кітап. Бұларды ғылыми-энцклопедиялық еңбектер деп айтуға болады.