Сидней жағажайында ер адамды өлтірген ақ акула іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сидней жағажайында ер адамды өлтірген ақ акула іздестіріліп жатыр

17.02.2022

Австралия үкіметі Сидней жағажайында ер адамды өлтірген ақ акуланы іздестіріп жатыр. Мұндай шабуыл соңғы 60 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Ұзындығы үш метрден кем емес жыртқыш суда жүзіп жүрген адамды талап тастаған. Қазір құрбан болған тұрғынның аты-жөні анықталып жатыр. Акуланы іздеуге арнайы мамандармен бірге тікұшақтар мен дрондар жөнелтілді. Сидней тұрғындары мен туристерге суға түспеуге кеңес берілді. Бірнеше жағажай жабылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу