3 ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан есепшотқа ақша түсіп отырса, банктер мұндай азаматтар туралы салық органдарына хабарлайды. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген адамдарға қатысты. Құжат 2 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Бұл кәсіпкерлік қызметті жасырын жүргізіп, мемлекетке салық төлемейтін азаматтарды анықтау үшін енгізілуі мүмкін. Еске салайық, былтыр қарашада Сенат мобильді ақша аударымына қатысты Салық кодексіне өзгеріс енгізуді мақұлдаған. Мақсат - көлеңкедегі ақшаны бюджетке қайтару.