«Бұл дұрыс шешім болды. Өйткені қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, басқа қалаларға қауіп төндірді. Елордада лаңкестердің дайындық жұмыстары байқалды. Олар тіпті Ақордаға шабуыл жасауға дайын болды. Кейбір беделді сарапшылар лаңкестердің жоспары Қазақстанның басты екі қаласын басып алу болған деп айтуда. Бұл Сириядағы сценарийге ұқсас жоспар», - деді Президент Ұлттық арнаға берген сұхбатында.