Солтүстік аймақтағы жерлерге қатысты Ресеймен ешқандай мәселе жоқ және болмайды, ресми Кремль де бұл қағидатқа берік - Қасым-Жомарт Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік аймақтағы жерлерге қатысты Ресеймен ешқандай мәселе жоқ және болмайды, ресми Кремль де бұл қағидатқа берік - Қасым-Жомарт Тоқаев

17.02.2022

Мемлекет басшысы өз сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасындағы жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындамағанын айтты.

«Қазақстан мен Ресей арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар. Ресей - ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан көршіміздің бірі. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл ең алдымен Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді. Кейбір ресейлік саясаткерлер Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі деп айтқан. Бірден кесіп айтайын, бұл орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген, Ресей президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабарламаларға жазылу