Алаяқтар қызылордалық тұрғынның атынан 47 млн теңгеге дейін несие алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар қызылордалық тұрғынның атынан 47 млн теңгеге дейін несие алған

18.02.2022

Қызылордалық тұрғын алаяқтардың кесірінен банктерге 47 миллион теңге несие төлеуге мәжбүр. Ол былтыр жеке мәліметтері мен электронды цифрлы қолтаңбасы сақталған флешкасын жоғалтып алған.

Содан соң көп ұзамай Жанабай Махамбетовке түрлі банктер мен қаржы ұйымдарынан несие рәсімдеу туралы SMS хабарламалар келе бастаған. Бірақ, отбасынан ажырап, қатты күйзелісте жүрген азамат оған аса мән бере қоймаған. Мұнан соң өздерін банктер қауымдастығының интернет қауіпсіздігінің маманымыз деп таныстырған алаяқтар оны алдап соғып, құпия сөзді біліп алған. Әп сәтте 47 миллион қарызға кіріп кеткен 50 жастағы тұрғынның банкомат картасы бұғатталып, мүлдем кіріссіз қалып отыр. Амалы таусылған азамат полицияға арызданып, аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу