Көлік салығын төлеу мерзімі сәуірде аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік салығын төлеу мерзімі сәуірде аяқталады

18.02.2022

Елде көлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталады. Халықтың транспорт бойынша қарызы 13 млрд 900 млн теңгеге жеткен. Кірістер комитетінің мәліметінше,  міндетті төлемге 266 мыңнан аса адам борышкер. Алматының өзінде тұрғындардың автокөлік салығына қарызы 3 млрд теңгеден көп. Мегаполисте 32 мың адам әлі қарызын қайтарған жоқ. Салық мөлшерін кіріс комитетінің ресми сайтына кіріп, есептеуге болады.


Хабарламаларға жазылу