Канадада жүк көлігі жүргізушілерінің шеруі күшпен басылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада жүк көлігі жүргізушілерінің шеруі күшпен басылды

21.02.2022

Канада астанасы Оттавада көлік жүргізушілерінің үш аптаға созылған шеруі күшпен басылды. Полиция демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын граната қолданған. 200 ге жуық адам қамауға алынды. Оларға полицияға кедергі келтіру, сот шешіміне бағынбау, заңсыз қару ұстау, полицияға шабуыл жасау тәрізді 389 түрлі айып тағылады. Айта кетсек, міндетті вакциналауға қарсы шыққан жүк көлігі жүргізушілерінің шеруі қаңтардың соңында басталды. Кейін акция Джастин Трюдо үкіметінің ковидке қарсы шаралары мен саясатына қарсы демонстрацияға ұласты. Шеруге шыққандар қала орталығын жауып, қозғалысты тоқтатқан еді.
Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу