44 жастағы Алматы облысының тұрғыны қаңтар айының 5-інен 6-сына қараған түні сағат 20:00 шамасында Қазыбек би көшесіне сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігімен келіп тоқтайды. Автокөлік жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салады. Көліктен бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге қатысушыларға таратады. Қазір күдікті өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.