Алматыда бүлік кезінде қару-жарақ дүкенін тонағандар арасында жүкті әйел де болған.
Полицейлердің мәліметінше, ол күйеуіне мылтық, тапанша мен оқ-дәрілерді ұрлауға көмектескен. Күдіктінің үйін тінту кезінде оннан астам қару, патрондар, резеңке дубинка мен сапер күрегі және радиостанциялар тәркіленді. Оның 25 жастағы күйеуі қару-жарақты есігінің алдына көміп тастаған. Сондай-ақ, олардың мінген көлігі де анықталды. Жүкті келіншек күйеуінің қылмыс жасауына тосқауыл болудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге көмектескен. Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті:
Қару-жарақ алдым. Қару-жарақ дүкені екенін білген жоқпын. Қорапта болған соң көлікке сала бердім.
Күдікті:
Мә, ұста-ұста деп қолыма берді. Көлік сала бер деп ұзын қораптарды берді. Бірақ, мен оның ішінде не бар екенін білмедім.