Гонконгта халықты коронавирусқа қатысты жаппай тестілеу науқаны жүріп жатыр. Оған соңғы кездері «омикрон» штамы кесірінен пандемияның қайта өршуі себепші. Айта кетсек, дүйсенбі күні Гонконгта 26 мыңнан астам адамнан ковид анықталып, 300-і қайтыс болған.
Эпидемияны тежеу үшін қалаға материктік Қытайдан дәрігерлер бригадалары жөнелтілді. Гонконг бүгінде пандемияның бесінші толқынымен күрес жүргізіп жатыр. Қауіпті инфекцияның таралуын тежеу үшін жергілікті 7 жарым миллион тұрғын толық тексеруден өтуі мүмкін.
Арыстан Рысбек