Төмендетілген утиль алымының бағасы экологияға кері әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төмендетілген утиль алымының бағасы экологияға кері әсер етеді

22.02.2022

Утилизациялық алымды мүлдем алынып тастамау керек. Себебі, шетелден келетін арзан әрі ескі автокөліктер көптеп келе бастайды. Төмендетілген утиль алымы экологияға кері әсері етеді. Экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктер қаптауы мүмкін. Ақшасы жетпейтін адам тек ескі көлікті қанағат тұтады. Ал бұған делдалдар ғана дәмеленіп отырады. Утилизациялық алымға қатысты отырыстар осыған дейін бес мәрте өтті. Экологтар, бизнес қауымдастығының өкілдері, қоғам белсенділері өз пайымдарын да айтты. Әзір осы түйткілге қатысты ортақ ой айтылып тұрған жоқ. Утиль алымына қатысты жасаған қорытындыларды ескеріліп, келесі аптада анық болады деп күтілуде.

Мансұр Ошырбаев, Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры:

Азаматтарымыз көбінесе Ресей немесе Армениядан келген көліктерді айдап жүр. Олардың басым бөлігін тозығы жеткен ескі-құсқы көліктер құрайды. Оларды пайдалануға 5-ақ жыл қалған шығар. Ал ол бізге көптеп ағылып, біздің жерімізде қалады емес пе?! Ол утильге жіберілуі керек.


Хабарламаларға жазылу