«Абай – дана, Абай - дара қазақта» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай – дана, Абай - дара қазақта» байқауы өтті

28.06.2014
«Абай – дана, Абай - дара қазақта» байқауы өтті
Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында балалар сегізінші ауысымда демалып жатыр. Республикамыздың әр түкпірінен осы ауысымға келген оқушылардың дені - қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша түрлі деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары.
 
Орталықта балаларға арналып күнделікті түрлі танымдық   іс- шаралар өткізіледі. Сондай шаралардың бірі - ақын Абайдың өр тұлғасына арналды. «Абай – дана, Абай - дара қазақта» деп аталатын байқау екі кезеңнен тұрды.
 
Бірінші бөлімде ақынның өлеңдерін жатқа оқылса, екінші бөлімде шығармашыл жастардың Абайға арналған туындылары ұсынылды. Байқауға 20-дан аса дарынды оқушы қатысты. Жеңімпаздар ауысымның соңында белгілі болады.
 
Ұлан Мұхамбет, байқауға қатысушы:
Бұл жарыс өте жақсы өтті. Бұл жерге еліміздің барлық аймағынан демалушылар келген. Оттай жанған от ауызды, орақ тілді  ақындар мәнері өте жақсы көркем сөз шеберлері келіпті.
 
Төрінде тұрсын бүгін мұражайдың,
Болғандай ойдан шырақ бұл ағайдың.
Ақ қауырсын не деген бақытты едің,
Досындай болған кеше ұлы Абайдың.  
 
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу