Петропавлда қар тазалаумен айналысқан мердігерлер әкімдік қарамағындағы «Коммунхоз» серіктестігінен былтырғы қызмет ақысын әлі алмаған.
Бір жылдан бері берешегін даулап жүрген кәсіпкерлердің бірі Амбарцум Искандарян. Айтуынша, бас мердігер оған 80 млн теңгеден астам қарыз. Ұжымдағы жұмысшылармен еңбек келісім шартын бұзуға тура келген. Өйткені тез арада қарыз қайтарылмаса серістестік банкротқа ұшырауы мүмкін.
Амбарцум Искандарян, кәсіпкер:
Салыстыру актілерінің барлығына қол қойылды. Менің компаниям қарды дұрыс тазаламады делік. Бірақ өткен жылы коммуналдық қызмет көрсеткендердің барлығы ақшасын ала алмай жүр. Несие алып, белшеден қарызға баттым. Қарызды өтеу үшін қолда бар техниканы сатуға мәжбүрміз.
Қазір «Коммунхоз» бен мердігерлер өзара соттасып жатыр. Берешектің жалпы сомасы анықталуда. Өткен қыста Петропавл көшелерін қардан тазартуға қала бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінген. Бұл соманың қайда кеткені әзірге белгісіз.
Әсем Айтолла, Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
Мердігерлер тарапынан атқарылған жұмысты көбейтіп көрсету фактілері тіркелді. «Коммунхоз» қарызының нақты сомасын айта алмаймыз. Қазір аталған серіктестікті жекеменшікке беру мәселесі қарастырылып жатыр. Қалалық әкімдік ешкімге қарыз емес. Тиісті соманы «Коммунхоз» шотына аударған.
Эльмира Кәленова