Жеке сот орындаушыларының жұмысында кемшілік көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке сот орындаушыларының жұмысында кемшілік көп

23.02.2022

Жеке сот орындаушыларының жұмысында кемшілік көп. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың да атқару жүйесіне әсер ететін олқылықтарын жою керек. Азаматтардың құқығын қорғауға арналған жиында аталған саладағы заңды өзгерту мәселесі талқыланды. Мысалы, жеке сот орындаушыларының үстінен түскен 100 мыңға жуық шағым мен төленген айыппұлдарды тексеруге мүмкіндік жоқ. Себебі бюджетке қаражаттың түсуін тіркейтін бірыңғай электронды жүйе енгізілмеген. Ал азаматтардың банктік шоттарын бұғаттаған кезде, ереже нақты сомаға қатысты болуы керек. Алайда банктер олардың барлық қаражатын пайдалануға тыйым салып тастайды. Бұл заңсыз. Азаматтардың аударымдар жасауға мүмкіндігі болмай, дүкендерде төлем жасай алмауы халық арасында наразылық тудырады.

 Қанат Мусин, ҚР Әділет Министрі:

Мүлікке тыйым салу мәселелері бар, тыйымнан босату сияқты, сосын банктермен қатынасу электронды түрде тыйымдарды салу, оларды шешу мәселелері бар. Соның бәрін қарап, шешімін табайын деп жатырмыз.     

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу