Қоғамда қызу тартыс тудырған утиль алым көлемі 50 пайызға төмендетілмек. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлім етті. Бірақ, мөлшерлеме алдағы уақытта бұдан да кемуі немесе тіпті көбеюі мүмкін екенін де жасырмады. Сонымен утиль алым көліктің барлық түріне және ауыл шаруашылығы техникасына қатысты өзгеріп отыр. Талқыға сан тарап қатысып, шығарылған қорытынды осы дейді. Сондай-ақ, Роман Скляр елде автоөндіріс жоқ деген әңгімені негізсіз санайтынын айтты.
Нысаналы Ығыл