Сарапшылар пікірі: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегенді халыққа ғылыми-әдістемелік негізде жеткізе білуіміз қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар пікірі: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегенді халыққа ғылыми-әдістемелік негізде жеткізе білуіміз қажет

23.02.2022

Жаңа Қазақстанды құру – ортақ міндет. Бұл ретте бүгінгі күнге дейін жинаған тәжірибеміз бен ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілу қажет. Қоғам пікірі де салмақ қосады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институындағы талқылаулар циклінде бас қосқан сарапшылар пікірі осындай. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дегенді халыққа ғылыми-әдістемелік негізде жеткізе білуіміз қажет дейді жиналғандар. Жаңа Қазақстанды құруда өткенде орын алған олқылықтар ескеріліп, ұтымды тұстар жалғасын табуы тиіс.

Дихан Қамзабекұлы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры:

Не жаңару керек? Қандай өзек, арқау қалып отыру керек? Арқаусыз болмайды. Жастардың да талабы, ізденісі көңіл тойдыратын жағдайы бар. Сонымен қатар, аға буынның да тәжірибесі бар. Осының бәрін ұштастыра білсек жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын

Еркін Әбіл, Мемлекет тарихы институтының директоры:

Қоғамда да, эксперттердің арасында да сол жаңа Қазақстан қандай болу керек дегенге нақты түсінік жоқ. Болашақ Қазақстан қандай болу керек? Бізге соның жалпы көрінісін жасау керк деп ойлаймын. Әрбір жүйе әрқашан даму керек. Дамуы тоқтағанда жүйе өледі. Бұл – физикалық заңдылық.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу