«Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі заман әдебиетінің антологиясы» атты үш томдық жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі заман әдебиетінің антологиясы» атты үш томдық жарық көрді

30.06.2014
«Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі заман әдебиетінің антологиясы» атты үш томдық жарық көрді

«Тәуелсіз Қазақстан: Қазіргі заман әдебиетінің антологиясы». Осындай атаумен Алматыда үш томдық кітап жарық көріп, Астана күніне тарту етілді.

Басылым  Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының қатысуымен дайындалып, Мәскеуде басылды.

Егемен ел кезеңін қамтыған алғашқы том «Домбыра мен бесік», деп аталып, ол тұтастай балалар әдебиетіне арналды.

Ал, антологияның «Жусан иісті жұмбақ өлке» және «Ғасырларға жол тартқан жақұт жырлар» атты екінші, үшінші бөлігінде көпұлтты Қазақстанның тарихы мен мәдениетін көрсететін прозалар  топтастырылып, бірлік пен  достықтықты дәріптеген 80-нен астам ақынның  поэзиясы басылды.

Таралымы 1000-нан асатын томдық  қала кітапханаларына үлестірілді.

Уәлихан Қалижан, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры:

Қазақ  әдебиетінің бүгінгі деңгейін  Ресей оқырмандары арқылы әлемге таныту.  Орыс тілі қалай болғанда да ТМД-ның алты тілінің бірі. Біз қазіргі  әдебиетімізді ағылшын тіліне тікелей аудара алмай отырмыз.  Бұл - саяси, рухани, мәдени мәні бар дүние.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу