Шетелдік дипломатиялық корпус Қаңтар оқиғасының тергеу барысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік дипломатиялық корпус Қаңтар оқиғасының тергеу барысымен танысты

23.02.2022

Шетелдік дипломатиялық корпус «қайғылы қаңтар» оқиғасының тергеу барысымен танысты. Бас Прокурор мен Ішкі істер министрінің орынбасарлары ұсталғандардың құқын сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды прокуратура тексеріп отырады. Ал, дипломаттар қылмыстық топтардың, экстремистер мен террористердің билікті басып алу үшін бейбіт митингіні пайдалану хронологиясына назар аударды. Оларға тергелген қылмыстық істерге қатысты статистикалық мәліметтер берілді. Аталған жағдайға байланысты адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, азаптаудың ұлттық алдын алу тетігінің мүшелерімен және ұлттық қоғамдық сенім кеңесімен ынтымақтастық орнатылған. Ол жақтан түскен ақпаратқа сәйкес шұғыл жұмыс жүргізіледі. Мысалы, қатыгездікпен қарау және медициналық көмек көрсетпеу шағымдарын дербес тексеруге толық мүмкіндік жасалған.

Хабарламаларға жазылу