«Банкрот» деп танылған азаматтарға оқу немесе жұмыс істеу үшін шетелге шығуға шектеу қойылмауы тиіс. Заң жобасын талқылаған жұмыс тобы осындай ұсыныс айтты. Сарапшылар жұмыссыз жүрген борышкерді міндетті түрде еңбекке тартуды ұсынды. Олардың айтуынша, банкрот болған азаматтарды денсаулығы мүмкіндік берсе, мәжбүрлеп жұмыс істету жолын қарастыру керек. Сонымен бірге банкроттыққа әдейі барған адамдар жауапкершілікке тартылады. Қарыз сомасына қарай айыппұл арқалап, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сапарбай Жұбаев, экономика ғылымдарының кандидаты:
«Банкрот» болған адамдары батыс елдерінде мәжбүрлеп жұмыс істету жүйесі бар. Олардың табысының біраз бөлігін қарызға өтеу жүйесі бар. Осы нәрсе меніңше керек.
Қайрат Миятов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
Егер де қаржылық басқарушы соған ұсыныс беріп тұрса, басқа бір жұмыс табу үшін, табысын үлкейту үшін шара болуы мүмкін.