Ұлттық банк депозиттегі ақшаларға сыйақы қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк депозиттегі ақшаларға сыйақы қосады

24.02.2022

Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңгемен салынған депозиттер қорғалады. Үкімет пен ұлттық банк жоба аясында азаматтардың депозиттеріне сыйақы береді. Бағдарламаға екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банкінде» салымдары бар жеке тұлғалар қатыса алады. Депозит көлемі 2022 жылдың 23 ақпанындағы сомамен есептеледі, алайда қаражат көлемі 12 айда 20 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бастама ағымдағы және карточкалық шоттарға қолданылмайды. Бюджет қаражатынан берілетін 10 пайыздық өтемақы әр банкте бір адамға бір рет есептеледі және олардың депозиттегі ақшасы 2023 жылдың 24 ақпанына дейін банкте сақталуы тиіс. Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар екінші деңгейдегі банкке барып өтініш беруі қажет.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу