Жеңілдетілген автонесиенің максималды соммасы 10 миллион теңге болады. Бағасы бұдан жоғары 12, 13 миллиондық машина алу үшін жетпеген ақшаны клиенттің өзі қосуы тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің айтуынша, 4 пайыздық бағдарлама арқылы Қазақстанда құрастырылған машинаның барлық моделін алуға рұқсат етілмек. Тек бағасы 20-25 миллион болатын қымбат жеңіл көліктерге ғана шектеу бар. Бағдарлама қашан басталады, қай күннен бастап қайда өтініш беру керек, вице-министр мұның жауабы екі аптадан кейін айтылады, деді. Бұған дейін бағдарламаның жаңа шарты бойынша ағашқы жарнаның қажеті жоқ екенін айтқан едік.