Батыс Қазақстанда техникалық мамандықтарды даярлау үшін колледждер лицензия алуды қарастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда техникалық мамандықтарды даярлау үшін колледждер лицензия алуды қарастырып жатыр

24.02.2022

Батыс Қазақстанда жоғары техникалық мамандықтарды даярлау үшін колледждер еліміздегі беделді оқу орындарынан лицензия алуды қарастырып жатыр. Ал аймақта төрт университеттен техникалық мамандар оқып шығады. Биыл жоғары оқу орындарына бөлінетін грант саны 62 мыңға жетіп, техникалық, ІТ, педагогикалық мамандықтарға басымдық берілмек. Одан бөлек өңірдегі 34 колледжде 71 мамандық бойынша 17 мыңнан аса студент білім алады. Олар тегін оқиды, шәкіртақы алады және жатақханамен қамтылған. «Дуалды оқыту» бағдарламасы бойынша келісімшарт жасалған 100-ге тарта кәсіпорынға барып, тәжірибеден өтеді.

Мирас Сапарғалиев, облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы:

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері 80 пайызға дейін жұмыспен қамтылуда. Негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы мамандықтары, ІТ саласына қатысты мамандар және педагогикалық мамандарға сұраныс бар. Қазір лицензия алу жұмыстарымен де шұғылданып жатырмыз. Болашақта қай мамандыққа сұрансы бар, сол бойынша жұмыстанып жатырмыз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу