Мұнай бағасы бензинге қалай әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы бензинге қалай әсер етеді

25.02.2022

Әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 100 долларға жетті. Бұл еліміздегі жанармайдың құнына әсер етуі мүмкін бе? Энергетика министрі Болат Ақшолақов сұйық отынның қымбаттамайтынын айтты. Себебі елімізде бұл нарық реттеліп отыр. Ішкі нарықтағы мұнай бағасының әлемдік бағамен ешқандай байланысы жоқ. Министрдің айтуынша, елдегі мұнай өнімдері өз шикізатымыздан әрі өз зауыттарымызда өңделетіндіктен, сыртқы нарықтағы бағаға тәуелді емес.


Хабарламаларға жазылу