Джо Байден Ресейдің Украинадағы әрекетіне қарсы жаңа санкциялар жариялайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джо Байден Ресейдің Украинадағы әрекетіне қарсы жаңа санкциялар жариялайтынын мәлімдеді

25.02.2022

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинадағы әрекетіне қарсы жаңа санкциялар жариялайтынын мәлімдеді. Бұл шаралар Мәскеудің доллар, фунт стерлинг және йенді қолданып бизнес жүргізуін шектейді. Бұған қоса, Вашингтон Ресейдің ең ірі 4 банкін АҚШ-тың қаржы жүйесінен ажырататынын мәлімдеді.

Ұлыбритания Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясы мен ВТБ банкіне санкция енгізді. Британ үкіметінің басшысы Борис Джонсон банк активтері түгелдей бұғатталатынын мәлімдеді. Сонымен бірге Лондон ресейліктердің Британия банктерінде сақтайтын ақша сомасына да шектеу қоймақ.

Арай Төлегенқызы



Хабарламаларға жазылу