Алматыда 775 кәсіпкерге өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 775 кәсіпкерге өтемақы төленеді

25.02.2022

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесіне залал келген 775 кәсіпкерге 2 млрд теңгеден астам өтемақы төленеді. Арнайы комиссия өкілдерінің айтуынша бүгінге дейін 3 592 өтініш түскен. Оның 85-і қабылданбаған. Ал, InfoKazakhstan электрондық базасына соңғы бір тәулікте 1 752 кәсіпкер құжаттарын тіркеген. Кәсіпкерлер палатасы мен аудандық әкімдіктер өтініш бергендерге қоңырау шалып, жіті тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың сөзінше, құжаттарын жоғалтып алған бизнес өкілдері шығындарын өткен жылғы тауар айналымы жайындағы ақпаратпен немесе сот сараптамасы арқылы дәлелдеуі керек. Айта кетейік, бүгінгі таңда өтініштерді қарау мерзімі 1 айдан 2 аптаға дейін қысқарды.

Айтуар Қошмамбетов, Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

Біз аудандық әкімшіліктерімен біріге отырып, шығынға ұшыраған кәсіпкерлер жайлы ақпаратты жаңартып, бүгінгі таңда 1413 кәсікерді анықтадық. Оларға төленетін сома 34 млрд теңгені құрап отыр. Жұмыстар жалғасып жатыр. Наурыз айының 10-на дейін біз 90% кәсіпкердің өтінімін қараймыз деген ойдамыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу