Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов Елордадағы Әскери-тарихи мұражай қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында әскери сала мамандарын даярлау, сарбаз рухын көтеру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қаңтар оқиғасында күштік құрылымдардың жіберген қателіктері туралы ашық пікірлер айтылды.
Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Мәжілістің жұмысына байланысты нақты тілектер де айтылды. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен адамдарды іздестірудің заңдық негізі ТМД-дағы өзге елдерге қарағанда әлсіздеу деген нақты әңгіме қозғалды. Біз бұл жөнінде сұрақ қойған адаммен тағы да кездесіп, ақылдасамыз.
Ақниет Балтанова