Байден Украинаға әскер жіберуді қаламайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Украинаға әскер жіберуді қаламайды

25.02.2022

АҚШ президенті Украинаға әскер жіберуді қаламай отыр. Джо Байден, тіпті, америкалық азаматтарды эвакуациялау үшін де Киевке арнайы күштерін аттандыруға дайын емес. Мұны «Би-би-си» телерадиокорпорпациясы хабарлады. Ақ үй басшысы өз елінің сарбаздары шетелде соғысуға қарсы деп есептейді. Себебі, біріншіден, Украина Америкамен көршілес емес және АҚШ шекарасында орналаспаған. Сонымен қатар, Украинада Құрама Штаттардың әскери базасы жоқ. Бұған қоса, Украина стратегиялық мұнай қорына ие емес әрі бұл мемлекет Вашингтонның негізгі сауда серіктесі болып саналмайды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу