Шымкент қаласындағы жастардың 6,9 пайызы - жұмыссыз. Сондай-ақ олардың баспана алу мүмкіндігіне кедергі болатын жәйттар да баршылық.
Бүгін Мәжіліс депутаттарымен кездесуде жастар осы секілді өзекті мәселелерді ортаға салды. Жас мамандардың біліктілігі мен білімін жетілдіру, жаңа экономикаға қажетті кадрларды оқытып шығару жайы да сөз болды. Халық қалаулыларымен кездесуде жастар мәселелерді айтып қана қоймай, оларды шешуге байланысты өз ұсыныстарын да жеткізді. Айтылған мәселелер «Жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізу кезінде зерделеніп, құқықтық мәнге ие болмақ.
Фахридин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Кездесулерімізде ұсыныстар айтылып жатыр. Сол ұсыныстардың барлығын алып, өзімізбен бірге министрлік, ведмостволармен тағы да жұмыс істейтін боламыз.