Қаржы нарығы тұрақтала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы нарығы тұрақтала бастады

25.02.2022

Теңге тұрақтала бастады. Кешелі бері құлдыраған төл ақшамыз бүгін долларға шаққанда сәл арзандады. Қор биржасындағы саудаға сай, доллар 467 теңге, еуро 522, рубль 5 теңге 50 тиын.

Ал ақша айырбастау орындарында америка валютасы ресми бағамнан арзанырақ, 460-463 теңге төңірегінде саудаланып жатыр. Кеше керісінше қымбатырақ 472 теңгеге дейін барған еді. Қаржы нарығының тұрақталуына Ұлттық банктің араласуы себеп. Осы апта ондағылар 176 миллион долларға интервенция жасады. Ал теңгенің әлсіреуіне геосаяси ахуалдың ушығуы себеп екені түсінікті. Сол үшін ақша-несие саясаты жағдайдың қалай өрбитініне байланысты болмақ.


Хабарламаларға жазылу