Президент сыртқа заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға тапсырма берді. Үкіметтің жоспары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сыртқа заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға тапсырма берді. Үкіметтің жоспары қандай?

27.02.2022

Президенттің сыртқа заңсыз шығарылған қаражатты қайтару туралы тапсырмасын естідік. Бірден туатын сауал – мүмкін бе?

Себебі әрбір ...доллардың деп айтайықшы, заңсыз шығарылғанын дәлелдейтін құжат керек. Бұл бір. Екіншіден, олай істеген адам заңды белден басқан болып табылады. Демек ол жауап беруі тиіс. Кезінде Н.Назарбаев «ақшаларыңды елде ұстаңдар, кепілдік беремін, болмаса ренжімеңдер, өзіміз әкелеміз» дейтін...

Алайда бірінші президенттің өз отбасының, маңайындағылардың сыртқа шығарған капиталы туралы, дәлірегі одан кейін сатып алған мүліктері жайлы жәй әңгіме айтылмайды, салмақты басылымдар «Міне, мынау фотосы» деп суреттер жариялайды. 2003 жылғы «Қазақгейт» оқиғасы да еске түседі. Ол бөлек тоқталатын тақырып. Заңсыз шыққан қаржыны қайтару мүмкіндіктері туралы Данияр Қайыртайдың сараптамасы.


Хабарламаларға жазылу