Украинада қалған жүк тасымалдаушылар көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада қалған жүк тасымалдаушылар көмек сұрады

28.02.2022

Украина аумағында қазақстандық 50-ге жуық жүк көлігі қалып қойған. Оның 11-і Ақтөбе облысында тіркелген 5 компанияға тиесілі.

Бұл туралы облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады. Украинадан шыға алмай тұрған жүргізушілердің көбі Киев, Харьков, Днипро және Львов қалалары маңында тұрғанын айтқан. Олар көліктерін тастап ұшып кете алмайды. Себебі компаниямен арадағы келісімшартты бұзбауы тиіс. Ақтөбелік 11 көліктің тоғызына тауар тиелген. Сондықтан жүргізушілер мемлекеттен көмек сұрап отыр.

Роман Бушуев, көлік жүргізушісі:

Днипро қаласындағы тұрақтамын. Бұл жерде Қазақстандық 10 көлік тұр. Не істерімізді білмейміз. Мемлекеттен көмек сұраймыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу