Қостанайда заңсыз майнинг фермасының жұмысы әшкереленді. 4 айдан бері «EG» серіктестігі аумағында электр қуатын шектен тыс пайдалану байқалған. Оған шамамен әр киловатт сағатын 32 теңгеден есептегенде, 32 млн теңгеден артық қаржы жұмсалыпты. Аталған кәсіпорынды тексеру барысында сандық майнингпен айналысуға арналған екі контейнер табылды. Олардың ішіне 180 дана арнайы құрылғы орнатылған. Тергеу жүріп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек