Украина делегациясы Ресей өкілдерімен келіссөз өтетін жерге жетті. Шара Беларусь пен Украина шекарасындағы Припять өзені маңында өтіп жатыр.
Украина тарапының мәлімдеуінше, күн тәртібінде тұрған басты мәселе - атысты тоқтату және ел аумағынан ресейлік әскерді шығару.
Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Мәскеу келісім жасауға мүдделі, алайда бұл келісімдер екі тарап үшін де тиімді болуы тиіс деп мәлімдеді.
Арай Төлеген