Елімізде геологиялық барлау жүргізуге биыл 13,7 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде геологиялық барлау жүргізуге биыл 13,7 млрд теңге бөлінеді

28.02.2022

Елде геологиялық барлау жүргізуге биыл 13 млрд 700 млн теңге қарастырылады. Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, 100-ден аса аумақтың жер қойнауына зерттеу жүргізіледі. Мамандар сирек кездесетін металдарды іздейді. Сонымен бірге әлемдегі ең терең «Еуразия» ұңғымасын бұрғылау жалғасады. Бұл жобаға былтыр және биылға 2,6 млрд теңге бөлу жоспарланған. Ол Каспий маңы ойпатында жүргізіліп жатыр. «Евразия» жобасы ойдағыдай іске асса, 15 шақырымдағы қорды игереміз дейді мамандар.


Хабарламаларға жазылу