Қостанайда заңсыз майнинг фермасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда заңсыз майнинг фермасы анықталды

28.02.2022

Қостанайда заңсыз майнинг фермасының жұмысы әшкереленді. 4 айдан бері «EG» серіктестігі аумағында электр қуатын шектен тыс пайдалану байқалған. Оған шамамен әр киловатт сағатын 32 теңгеден есептегенде, 32 млн теңгеден артық қаржы жұмсалыпты. Аталған кәсіпорынды тексеру барысында сандық майнингпен айналысуға арналған екі контейнер табылды. Олардың ішіне 180 арнайы құрылғы орнатылған. Қазір тергеу жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу