Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Онда саяси кеңестің қаулысымен бекітілген екі мәселе қаралады. Олар партия саяси кеңесінің құрамына өзгерістерді енгізу және партия жұмысын жаңғырту. Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың айтуынша, шара онлайн-форматта өтеді. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Ал съездің жұмысына елдің әр өңірінен 399 делегат қатысады деп күтілуде.